Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкенттік полицейлердің бекеттегі төбелесі видеоға түсірілді

Шымкентте полицейлер бекетте төбелескені үшін жұмыстан босатылды.

Шымкенттік полицейлердің бекеттегі төбелесі видеоға түсірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшыларының жұдырықтасқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрда патрульдердің төбелескенін көруге болады. Олардың бірі әріптесінің бетінен соққы берді. Стационарлық бекетте болып жатқанның бәрін өтіп бара жатқан адам смартфон камерасына түсірген.

Полиция департаменті роликтегі қызметкерлерін тез анықтаған. Олардың неліктен жанжалдасқаны туралы айтылмады.

«Тексеру жүргізілді. Нәтижесінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік комиссияның шешімімен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері де атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», – деп түсіндірді Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық