USD
USD
USD

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырды

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 4 қыркүйек күні сағат 15:16 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына “102” сымтетігіне Теріскей мөлтек ауданының тұрғыны хабарласқан.

Азаматша тәртіп сақшыларынан өзінің ұлының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Хабарлама бойынша Еңбекші ауданы Полиция басқармасы №36 учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел іздеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде балақай ата-анасына аман-есен табысталды.

Үй ауласында ойнап жүрген баласының із-түссіз жоғалып кеткеніне алаңдаған анасы полиция қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстарына алғысын білдірді. Дегенмен полицейлер ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі үшін үнемі бақылап, көз жазбауларын ескертеді. 

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны