USD
USD
USD

Шымкенттік онкологтар Халықаралық форумда тәжірибесімен бөлісті

Шымкент қаласының онкологтары Грозный қаласында өткен онкология саласындағы Дүниежүзілік көшбасшылардың форумында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шымкенттік онкологтар Халықаралық форумда тәжірибесімен бөлісті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Халықаралық жиын – медицинадағы аз инвазивті тәсілдерді қолдана отырып, оны емдеу әдістеріне кеңінен енгізу үшін ұйымдастырылған. Дүниежүзілік форумға қатысқан шымкенттік онклогтар емдеу әдістері жөнінде шет елдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Қаладағы онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлық онкология бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты Дауранбек Арыбжанов форумда ми ісіктері кезіндегі эндоваскулярлық араласу бағытында бағдарламалық баяндама жасады.

Сондай-ақ жиынға қатысқан жергілікті медицина мамандары эндоваскулярлық операциялар жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

Халықаралық форум аясында жас медицина ғалымдардың байқауы ұйымдастырылып, сайыс нәтижесі бойынша қазақстандық жас онкологтар Мадияр Өмірбаев пен Сардар Алметовтың баяндамалары үздік деп танылды.

Айта кетсек, екі күндік форумда эмболизация әдістері бойынша түрлі тақырыпта шеберлік сабақтары да өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек