USD
USD
USD

Шымкенттік онкологтар бауыр ісіктерін хирургиялық әдіспен емдеуді жетік меңгерген

Шымкенттік онкологтар бауыр ісіктерін хирургиялық әдіспен емдеуді жетік меңгерген.

Шымкенттік онкологтар бауыр ісіктерін хирургиялық әдіспен емдеуді жетік меңгерген
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. 2012 жылдан бері Шымкент қалалық онкология орталығында бауыр обыры бар науқастарға операциялар жасалып келеді.

Бауырдың рагын емдеу үшін ота кезінде хирургтарға көбіне ісікті толығымен хирургиялық жолмен алып тастау тиімді. Өйткені, бауырдың ісігіне жасалатын ота күрделі, сол себепті де бұл операциялар ісіктің көлеміне қарай жеті сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Қазірде қаладағы онкологиялық орталықта бауырдың ісіктері кезінде жасалынатын әлемдік тәжірибедегі оталық емнің барлық түрлері енгізілген. Соңғы жылдарда хирургия бөлімшесінің онкохирургтары 79 ота жасаған. Оның ішінде: 13 оң жақты гемигепатэктомия, 11 сол жақты гемигепатэктомия, 26 бауырдың атипиялық резекциялары, 8 оң артқы бауыр секторэктомиясы (бауыр VI, VII сегменттерінің резекциясы), 1 оң алдыңғы бауыр секторэктомиясы (бауыр V, VIII сегменттерінің резекциясы), 20 басқа да операциялардың түрлері бар.

Айта кету керек, орталықтың мамандары, ота түрін жетік меңгеру үшін, Монғолия, Франция, Корея елдеріндегі ауруханаларында оқып, біліктіліктерін жетілдірген.

Қазіргі таңда білікті дәрігерлердің емдеу мекемесінде бауыр ісіктеріне шалдыққан науқастарға жедел көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында күнделікті жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы