USD
USD
USD

Шымкенттік оқушы Республика бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді

Республикалық Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаныма - менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауы болып өтті.

Шымкенттік оқушы Республика бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Байқаудың басты мақсаты - дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Байқауға республиканың барлық өңірлерінен 170 оқушы қатысты.

Байқау 9 номинация бойынша өтті. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша «Қаратау петроглифтері – жазу өркениетінің басталуы» тақырыбында №58 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қалдыбек Жансұлу республика бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеңімпаз шәкірт I орын алып, I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Айта кетейік, байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек