USD
USD
USD

Шымкенттік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Шымкенттегі «Білім-Инновация лицейінің» 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды.

Шымкенттік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол  шетел оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сынып соңында бастаған. Бұл үшін IELTS, Duolingo сияқты тесттерді тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Мысалы, Duolingo-дан 135, IELTS-тан 8.0 жинады. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған.

Сол уақыттан бастап осы 11-сынып соңына дейін тек университетке түсу үшін уақыт жұмсадым, – дейді ол.

Мирас шақыру алған оқу орындарының 12-сі АҚШ-та, бесеуі Ұлыбританияда, бесеуі Канадада, біреуі Испанияда, төртеуі Аустралияда және тағы басқалары.

Әзірше ол Colgate University, London School of Economics немесе Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев