USD
USD
USD

Шымкенттік қызды әлеуметтік желіде танысқан жігіт 3 млн теңгеге алдап кетті

Шымкенттік тұрғынды әлеуметтік желіде танысқан жігіт 3 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттік қызды әлеуметтік желіде танысқан жігіт 3 млн теңгеге алдап кетті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіті сенімін теріс пайдаланып, 3 млн теңгесін алған. Алайда арада біршама уақыт өтсе де ақшасын қайтармаған, не телефонға жауап бермеген.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған.

Тәжірибелі мамандардан құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы азаматтың жеке басы анықталып, Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған азамат жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Сондай-ақ алаяқтық жолмен алған ақшаны тұрғын өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп