USD
USD
USD

Шымкенттік кітапханашы арнайы төсбелгімен марапатталды

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының екінші дәрежелі кітапханашысы "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісінің иегері Елекеева Құндызай ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының бұйрығымен "ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" төсбелгісімен марапатталды.

Шымкенттік кітапханашы арнайы төсбелгімен марапатталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ұлттық ұлан мерекелік іс-шаралар мен мәдени кештерді үнемі кітапханамен бірлесе атқарып, тығыз байланыс орнатқандықтан кітапханашыға осындай құрмет білдірді.

Құндызай Елекеева 11 жылдан бері кітапханада жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысқан.

Жалпы Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы - әмбебап профильді кітапхана болып табылады. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айынан бері ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Кітапхана 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдерге, олардың тәрбиесімен айналысатын басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам