USD
USD
USD

Шымкенттік кітапханада 5 мыңға жуық сирек кітап қоры бар

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында аса құнды рухани, эстетикалық немесе құжаттамалық белгілеріне орай және ерекше ғылыми, тарихи және мәдени маңызы бар кітаптар мен қолжазбаларды сақтау және пайдалану мақсатында басылымдардың тарихи, көркемдік құндылығы негізінде құнды дүниелер сақталатын сирек кітаптар қоры бөлім бар.

Шымкенттік кітапханада 5 мыңға жуық сирек кітап қоры бар
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. 1960 жылға дейін жарық көрген отандық және шетелдік басылымдар жинағы, сонымен қатар орыс және шет тілдеріндегі кейінгі кезеңдегі басылымдардан құрылған тарихи және көне кітаптар жиынтығын қамтиды.

Қор құрамына көне кітаптар (көлемді кітаптар, шағын кітаптар, авторлар қолтаңбасы, факсимильді, баспа басылымдары), брошюралар, буклеттер, газеттер мен журналдардың жеке үлгілері, жазбалар, карталар кіреді.

Жалпы бөлімде 5 мыңға жуық кітап қоры бар. Қордағы ең көне кітап – ағылшын жазушысы В.Скоттың 1824 жылы жарық көрген «Қызыл қолғап» кітабы. (Walter Scott. Redgauntlet: A Tale of the Eighteenth Century. Vol.II. Printed for Archibald Constable and Co. Edinburgh; And Hurst, Robinson and Co». - London, 1824.) Бұл кітап қоры оқырмандар үшін таптырмас мол мұра.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек