USD
USD
USD

Шымкенттік келіншек сауда орталығында босанды

Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде жас келіншек босанды. Бұл туралы Otyrar.kz жазды. 
Шымкенттік келіншек сауда орталығында босанды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қыз баланың өмірге келуіне септігін тигізді.
 
Олардың айтуынша, аяғы ауыр келіншектің өзі де бұлай тез босанамын деп ойламаған көрінеді. Айта кетейік, бұл «Шымкент Плаза» сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.
 
 «Осы жерде босанды. Қыздің өзі де білмеген шығар. Сондай жағдай болатынын. «Шымкент Плазадағы» бұл екінші рет. Ал кинотеатрда бірінші рет. Кішкене қобалжып тұрмыз әрине. Стресс, шок. Күтпеген жағдай болды енді. Анасы да күтпеді, біздің әріптестермізде күтпеді», - дейді HR менеджер Айгүл Ташбенбетова.
 
Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см. Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.
 
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, жағдайы жақсы. «Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Анасы мен баласына алғашқы көмек көрсетіліп қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайы жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр», - дейді басқарма басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек