USD
USD
USD

Шымкенттік кәсіпкерлер тұтынушыларға өнімді делдалсыз сатуға көшті

Президентіміздің «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асырып отырған кәсіпкердің бірі - «Қасқасу С» шаруа қожалығы. Қала халқын сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылық Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан.

Шымкенттік кәсіпкерлер тұтынушыларға өнімді делдалсыз сатуға көшті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Кәсіпкер тұрғындарды ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып 2 әлеуметтік дүкен ашты. Осылайша шаруашылықта өндірілген өнімдер делдалсыз тұтынушыға тікелей жеткізілуде.

Бүгінде шаруақожалықта 1200 бас бұқашық бордақылануда. Өткен жылы 330 тоннаға жуық ет өндірілген.

Елбасымыз «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі екенін айтқан болатын. Қазіргі таңда шаруашылық бордақылаумен қоса 600 басқа арналған асыл тұқымды сүтті бағыттағы тауарлы сүт фермасын құруды жоспарлауда. Құрылыс нысаны ағымдағы жылы басталып 2022 жылдың 3 тоқсанында іске қосылмақ. Бұған жұмсалатын инвестициялық салым 2,3 млрд. теңгені құрамақ.

Кәсіпкер асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басты Еурапа елдерінен сатып алады. Ал, сүтті тауарлы ферманы толығымен шет елдік «ДеЛаваль» компаниясының технологиясымен құруды жоспарлауда. Себебі, сүт өндірісінің көлемін арттырып сапалы өнім алудағы заманауй озық технология мен құрал жабдықтар қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком