USD
USD
USD

Шымкенттік ғалымдар ерекше техника ойлап тапты

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. Трактор тіркемесі жер жыртады, егістік тегістейді, арық қазады.

Шымкенттік ғалымдар ерекше техника ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Бір өзі төрт машинаның жұмысын атқарады.

Алматы, NEGE. Бұл техниканы жасауға темір де аз кетеді. Яғни 800 келіге дейін жеңілдейді. Ал ауаға газдың таралуы 3 есеге азаяды. Егіс алқабын сапалы өңдеу өнімділікті 10-15%-ке дейін арттырады,– дейді жоба жетекшісі Нұрлыбай Манабаев.

Тіпті техниканы патенттеп тіркеменің үш данасын сынақтан да өткізіп үлгерген. Енді демеуші табылып жатса, жаппай өндіріске шығаруға әзір.

Нұрлыбай Манабаев, техника ғылымдарының кандидаты, доцент:

 - Биыл проект есебінен Алматыдан мемлекеттік сынаудан өткізіп кетті. Сынаудан да жақсы өтті. Протоколдарының бәрі бар. Сатуға рұқсат қағазын да берді.

 Қайрат Базарбеков, қалалық ауылшарушылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары:

 - Екі жоба бүгінгі таңда өздерінің инновациялық жобаларын өндіріске енгізу мүмкіндіктерін алып отыр. Бұл жобалар алдағы уақытта біздің ауылшаруашылығы саласын сүйемелдеуге қолдау табады.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері