USD
USD
USD

Шымкенттік дәрігерлердің ерлігі

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы науқасты аман алып қалды. Жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

Шымкенттік дәрігерлердің ерлігі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Исагил Тасим 4 сәуір күні өте ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Оны дәрігерлер «Атамекен» медициналық орталығынан Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметімен ауыстырған. Өкпесінің 80 пайызы зақымдалған 52 жастағы азаматтан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұған қоса, ол өздігінен демала алмағандықтан, аппаратқа қосылған. Науқаста тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, айқын интоксикациялық синдромы, тромбоциттің төмен болуы сынды асқынулар болған. Науқасқа дәрігерлер толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерилдық терапия бойынша көмек көрсеткен.

«Он күннен аса жансақтау бөлімінде ем алған науқасты дәрігерлер жағдайы жақсарған соң бөлімшеге ауыстырды. Кейін өздігінен тыныс ала бастады. Тыныс алу жиілігі де жақсарған. Алдағы бір-екі күнде ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары