USD
USD
USD

Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған балаға 19 рет ота жасады

Шымкентте қатты күйіктен 19 ота жасатқан 10 жастағы баланың жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған балаға 19 рет ота жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын. Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.

Бүгінде дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа 13 рет теріні ауыстыру операциясын және некрэктомия жасады.

Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болып, қазір палатаға ауыстырылған.

"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды, - деді ол.

Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе