USD
USD
USD

Шымкенттік боксшы Дана Дидай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бокстан Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде шымкенттік спортшы күміс жүлдегер атанды.

Шымкенттік боксшы Дана Дидай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 75 келіге дейіні салмақта ел намысын қорғаған Дана Дидай финалда үндістандық Санамача Токчоммен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 2:3 есебімен жеңілді.

Осылайша, бокстан Қазақстан бойжеткендер командасы әлем біріншілігін 2 күміс, 3 қола жүлдемен аяқтады. Дана Дидайды AIBA президенті Умар Кремлев марапаттады.

Айта кетейік, Дана Дидай – Шымкент қалалық № 5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек