USD
USD
USD

Шымкентті қара түтін басып, қала тұрғындарын шошытып жіберді

23 маусымда түнде Шымкентті қара түтін басып, қала тұрғындарын шошытып жіберді. Кейін қала ішіндегі қараусыз ғимарат отқа оранғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентті қара түтін басып, қала тұрғындарын шошытып жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы ТЖД-ның мәліметінше, 101 басқару пультіне 23 маусымда сағат 21:29-да Тұран ауданы, Желтоқсан көшесі бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 

"Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері қараусыз қалған ғимараттың екінші қабаты мен шатырындағы 200 шаршы метр аумақтың отқа оранғанын анықтады. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің 26 қызметкері мен 7 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Өрт сағат 21:45-те оқшауланып, сағат 22:10-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ,"- деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына қатысты пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова