USD
USD
USD

Шымкенттен Ыстанбұлға қатынайтын әуе рейстері қайта ашылады

Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компанияларының рейстері ашылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкенттен Ыстанбұлға қатынайтын әуе рейстері қайта ашылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Ыстанбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Ыстанбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.

Атап айтқанда, Turkish Airlines әуе компаниясы 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстанбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет (6-шы күні) орындалады. Сонымен қатар, түріктердің «Pegasus Airlines» әуе тасымалдаушысы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстанбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс (7 күн бойынша) орындалады.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек