2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Шымкенттегі жұқпалы аурулар госпиталі 1 маусымда пайдалануға беріледі

Шымкентте салынып жатқан жұқпалы ауруларға арналған госпиталь 1 маусымда пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Шымкенттегі жұқпалы аурулар госпиталі 1 маусымда пайдалануға беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімінің айтуынша, аталған емдеу нысаны 200 орынға лайықталған. Оның құрылысына 5,8 млрд теңге қарастырылған. «Қала әкімдігі резервінен коронавируске қарсы шараларға 1,2 млрд теңге қаржы бағытталған. Оның ішінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, қаупі жоғары мекемелерде қызмет ететін медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау шаралары да жүргізілуде. Мәселен, 1, 2, 3 тәуекел топтағы 2 764 медицина қызметкеріне наурыз-сәуір айларында 799 млн теңге үстемеақы төленді. Одан бөлек, демеушілердің есебінен 752 қызметкерге 42 млн теңгеге қаржылай көмек көрсетілген»,-деді шаһар басшысы. Ал, науқастармен жақын байланыста болған медицина қызметкерлерін оқшаулау мақсатында тегін 6 қонақ үй және жұмысына тасымалдауға 120 автобус ұйымдастырылып отыр

Қазір оқып жатыр

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер