USD
USD
USD

Шымкенттегі жатақханалардың бірінен қыз алып қашқандар ұсталды (видео)

Шымкентте қызды күштеп алып қашқандардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Шымкенттегі жатақханалардың бірінен қыз алып қашқандар ұсталды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде көлікке қызды күштеп салып, алып қашқан жігіттердің видеосы тарады. Желі белсендісінің жазуынша, оқиға Шымкент қаласындағы жатақханалардың бірінің алдында болған.

«Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 125 бабымен «адам ұрлау» тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Жауап алу барысында Түркістан облысының тұрғыны Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген таныс қызды үйлену мақсатында ұрлап кеткені анықталды. Қыз некеден бас тартқанын және болған жайтқа қатысты ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүргізілуде»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков