Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен 6 адамның жағдайы орташа ауыр
Шымкентте жарылыстан зардап шеккен 6 адамның жағдайы ауыр.
Алматы, NEGE. Кешегі жарылыстан кейін Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, №2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілді. Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында. Бұл туралы өңірде өткен баспасөз конференциясында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлім етті.
«Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Марат Пашимовпен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, жарылыс кезінде зардап шеккендер жатқызылған клиникаларды аралап шықтық. Екі пациенттің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа 6 пациент бар, қажетті бейінді медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Науқастармен әңгімелесу жүргізілді, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына пациенттер қанағаттанды», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.