USD
USD
USD

Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбековтың қатысуымен өтіп жатқан пресс-тур барысында журналистер ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шымкент қаласында құрылысы жүргізіліп жатқан үш магистралды су құбырының құрылыс барысын аралап көрді.

Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 8,3 шақырым құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Нысан құрылысын осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ұзындығы 13,6 және 11,76 шақырымды құрайтын ауыз су құбырларының құрылысы да биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр.
Ал бұл жылы барлығы 9 елдімекенде құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағын аудандары сапалы ауыз сумен қамтылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек