USD
USD
USD

Шымкенттегі үйлену тойынан екі автомат тәркіленді

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойынан екі автомат қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттегі үйлену тойынан екі автомат тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел қызметкерлер үйлену тойларының бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алды. Оқиға орнына көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жедел қызметкерлер тобы жіберілді.

Жедел ақпарат дұрыс болып шықты: түнгі сағат 00.00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді.

Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев