USD
USD
USD

Шымкенттегі "Шаңырақ" орталығы 10 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсеткен

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ашылған «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы жыл басынан бері 10 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсеткен.

Шымкенттегі "Шаңырақ" орталығы 10 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсеткен
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Орталық осы уақыт ішінде 4893 офлайн, 5092 онлайн түрде жеке кеңестер беріп, мұқтаждықтары бойынша сұрақтарына жауап берген. Ал, 405 азаматқа психологтың жеке кеңесі берілсе, 187 мұқтаж отбасыларға құқықтық кеңес берілген. Түрлі деңгейдегі 266 курс сабағы өткен.

Орталықтың басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру.

Сонымен қатар, келушілерге ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек