USD
USD
USD

Шымкенттегі Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Республика даңғылы. Бұл - көлік ағынының қарқындылығына және қаланы өзге елді-мекендермен біріктіретіндігіне байланысты қаламыздың басты магистралды көшесінің бірі.

Шымкенттегі Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021 жылдар аралығына жоспарланған. Шымкент қаласының оңтүстік қақпасы саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке-А» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Арман Строй Холдинг» ЖШС-гі.

Республика даңғылының жалпы ұзындығы төрт жолақты 5,3 шақырымды құраса, ал жолдың ені 28 метрді құрайды. Бүгінде көшенің бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, ал екінші жағына лоток орнатылып жатыр. Сонымен бірге, ені 2,25м жаяу жүргіншілер жолы салынған.

Сондай-ақ, құбыр үстінен Б.Момышұлы көшесінен жер асты өткеліне («Колос» аялдамасына) дейін веложол қарастырылған, асфальт құбыр арқылы лотокқа баратындай етіп төселген. Айта кету керек, бұл жүйе бұған дейін А.Байтұрсынов көшесінде тексерілген болатын. Жолдың төмеңгі түзету қалыңдығы 9см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5см құрайды.

Бұл жұмыстарды 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек