USD
USD
USD

Шымкенттегі оқушыдан коронавирус анықталды

Шымкенттегі 11 жастағы оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы білім басқармасының басшылығы өткізген брифингте мәлім болды.

Шымкенттегі оқушыдан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқарма басшылығының мәліметінше, індет жұқтырған бала қаладағы №54 мектепте 5 сыныпта қашықтан оқиды.

«Ата-аналардың өтінішін қарайтын боламыз. Соның негізінде шешім шығарылады. Қазір мектептердегі сыныптарда барлық санитарлық талаптар сақталып отыр. Қазан айынан бастап кезекші сыныптар саны азаюы мүмкін»,- дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Қазір қаладағы оқушылардың 22 пайызы ата-аналардың өтініші бойынша дәстүрлі білім беру жүйесімен оқиды. Қалғаны қашықтан білім алып жүр. Десе де пандемияға байланысты үйде оқуға мәжбүр болған балалардың қажеттіліктері әлі күнге толықтай шешілмеген. Шәкірттердің 31 мыңнан астамы интернетке, 37 мыңдайы компьютерге мұқтаж. Қазір оқушыларға тарталыған компьютерлердің саны 33 840.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері