USD
USD
USD

Шымкенттегі «Мәртөбе» кешенін көруге 70 мыңдай турист келген

Шымкент қаласының аумағындағы 110 туристік нысан бар. Оның ішінде жеті тарихи нысан республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына енген. Осындай тарихи әрі туристік нысанның бірі - Мәртөбе кешені.

Шымкенттегі «Мәртөбе» кешенін көруге 70 мыңдай турист келген
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ерекше кешен Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Қалашықтың орны ҮІІ-ХІІ ғасырларға тән. Биіктігі 6-7 метрді құрайды. Бұл аумақта әйгілі Дала парламентінің келелі жиындары өтіп, «Жеті жарғыға» мөр басылған.

Қолайлы климат, айналаның «бір көзден» көрінісі, Ташкент пен Түркістан сияқты ірі қалалардың жақын орналасуы - осы қазақ билері жиналатын жерді таңдаудың негізгі факторы болған.

Мәртөбе кешені бүгінгі таңда танымал туристік бағыттардың бірі болып отыр. Өткен жылдан бері Сайрам тұрғын алабындағы тарихи нысандарды тамашалауға 70 мыңдай турист келген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи