USD
USD
USD

Шымкенттегі қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты

 Шымкенттегі қағаз өңдеуші өнеркәсіп саласы тоқтап тұр.

Шымкенттегі қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аймақтағы кеңсе қағазын шығаратын кәсіпорын шикізат тапшылығына байланысты жұмысшыларын уақытша демалысқа жіберді. Финляндия мен Ресейден алыс-берістің тікелей жеткізілуінде қиындық пайда болған. Қос мемлекеттің өндіру саласында белгілі бір шектеулер мен уақытша тасымал тоқтаған. «Арадағы келісім-шарттың бұзылуын пайдаға асырғысы келетін пысықайлар шикізат бағасын қолдан екі есе қымбаттатып отыр», – дейді кәсіпорын өкілдері. Олардың өндірістік қуаты қағаздың А4 форматын 3 миллион, А3 қағазын 300 мыңнан астам бумаға дейін шығаруға жетеді. Бұдан өзге мемлекеттік тапсырысты орындауға жұмыс істеген мекеме түрлі себеппен «қара тізімге» еніпті. Сондықтан мұндай шектеуді уақытша алып тастауды сұрап отыр.

Қанат Әлімбаев, кәсіпорын басшысының орынбасары:

– Өндірушілер, СБК-лар лимит қойып қойған әр кәсіпорынға бір вагон сатуға. Бір вагон деген 25-24 мың дана қағаз болады. Ол даже 1% қамтамасыз етпейді да. Біздің қуатымыз айына 10 вагонға дейін өндіріп, шығаруға болады. 200-250 мың пачка.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.

БҚО-дағы аурухана қатерлі ісікке шалдыққан науқастың отбасына 1,4 млн теңге өтемақы төлемек

Науқас