USD
USD
USD

Шымкенттегі базарда ламинат қоймасы өртенді

Шымкентте ламинат сақтайтын қоймада өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шымкенттегі базарда ламинат қоймасы өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент ТЖД "101" диспетчерлік пультіне 20 шілдеде сағат 19:47-де Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесінде "Дархан" базары аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жеке орналасқан бір қабатты көлемі 150 шаршы метр болатын ламинат сақтайтын қойма ішінде ламинат жанды. Өрт салдарынан 1 дана жүк көтергіш зақымданған.

Өрт сағат 20:16-да оқшауланып, сағат 21:16-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығынның көлемі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Шымкент ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 58 қызметкері мен 14 техникасы, Апаттар медицина орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреді

Шеруге қатысушылар

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.