USD
USD
USD

Шымкенттегі балалар үйінен екі жасөспірім қыз қашып кетті

Бұл жағдайды қалалық білім басқармасы растағанын хабарлады "Алматы" арнасы.

Шымкенттегі балалар үйінен екі жасөспірім қыз қашып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, екі қыз 16 ақпан күні кешкі сағат 21:45 шамасында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығынан шығып кеткен. Әзірге қайта оралмаған.

"Мекеме қызметкерлері дер кезінде байқап, Шымкент қаласының полиция департаментіне және 102 жедел желісіне хабарлаған. Сондай-ақ, Абай, әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық полиция басқармаларына да білім басқармасы тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздеу жұмыстарын жүргізу туралы хаттар жолданды", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 Шымкент қалалық полиция департаменті қазір екі жасөспірімді іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары барлық бейнекамераларды бақылап, олар жүруі мүмкін орындарды тексеріп жатыр.

 Айта кетейік, жоғалып кеткен қыздың бірі 13 жаста, бірі 18-де екен.

"Жасөспірімдердің жоғалу жайты сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қыздардың жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараны жүргізуде", – деді Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Мөлдір Бекеева.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар