USD
USD
USD

Шымкентте автобус апатынан аман қалған қыздың жағдайы белгілі болды

Шымкент қаласындағы автобус апатында ауыр жарақат алған қыздың жағдайы жақсарып келеді. Үйде оны мүгедектігі бар анасы мен бес бауыры күтіп отыр, деп хабарлады 

Шымкентте автобус апатынан аман қалған қыздың жағдайы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Oturar.kz.

Алматы, NEGE. Қазіргі кезде 18 жастағы қыз қалалық клиникалық ауруханада ем-дом алып жатыр. Алты күн бұрын жансақтау бөліміне бас-ми жарақатымен түскен. Біраз жері көгерген. Миы шайқалған. Дегенмен ота жасаудың қажеті болмаған.

1 аурухананың бөлім меңгерушісі Эльдар Смағұловтың айтуынша, бас кезінде пациенттің жағдайы ауыр болған.

"Оны жансақтау бөліміне жатқыздық. Сосын барлық маман қарап шықты. Қазіргі кезде жағдайы орташа, ота жасаудың қажеті жоқ", - дейді Смағұлов.

Еске сала кетсек, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен. 5 адам көз жұмды, 1 адам ауруханада жатыр.

Қазір оқып жатыр

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша