USD
USD
USD

Шымкенттегі атыс: Куәгерге қысым жасалды ма?

Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмахамбетов Шымкентте болған атысқа қатысқан күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Алайда «тергеу құпиясына» сүйенген ол істің мән-жайын тарқатып айтудан бас тартты. 

Шымкенттегі атыс: Куәгерге қысым жасалды ма?
Фото: NEGE.kz

Қоғамда абың-күбің әңгіме туғызған бұл қылмыстың шынымен де құпиясы көп сияқты көрінеді. Бірер күн бұрын өзін «Күңгірбаева Ұлжалғас Бәкірбекқызымын» деп таныстырған келіншектің алғашқы видеосы сол күні-ақ қолымызға тиді. Ол 10 тамыз күні Шымкенттегі атысқа қатысы бар Дәуір Тәукеевтен көмек сұрағанын айтып, мұнысын «жасөспірімге зорлық жасамаққа әрекеттенген азаматты жазалауды сұрадым» деп түсіндірген. Әлдекімдер оның аузына сөз салып отырғандай болғанынан күдіктеніп, бұл тақырыпты тарқатпап едік.

Бүгін әлеуметтік желі арқылы сол Ұлжалғас Күңгірбаевтан тағы бір видео тарады. Бұл жолы «мен ол Дәуір дегенді танымаймын да, бейтаныс үш жігіт алдап видео түсіріп алды» дейді ол. Мұнысы да біртүрлі көңілге қонымсыз шықты. Өйткені айтқан сөзін бір жерден оқып отырғандай көрінеді. Айналдырған 2-3 күн ішінде мың құбылған келіншектің қай сөзі шын?  

Алғашқы материалда «Дикий» Арманның үнсіз қалғанын жаздық. Арадан тәулік өткенде Тәукеевпен бірге түскен суреттерін парақшасында жариялады. Мұнысы жақын досын үнсіз қолдағаны деп түсіндік. Ал енді әлгі куәгер келіншекке қай тараптың қысым жасағаны әзірге белгісіз. Қай сөзіне сенеміз?

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк