Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкенттегі атыс: Кісі өлтірген күдіктілер Алматыда ұсталды

10 тамызда Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде атыс болып, салдарынан бір адам қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп, оларды Алматыдан ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкенттегі атыс: Кісі өлтірген күдіктілер Алматыда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ ресми сайтында хабарланғандай, 12 тамызда Алматыда күдіктінің үшеуі ұсталды. Барлығы Шымкент қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Олар өз кінәсін мойындап, куәлік берді.

14 тамызда мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді екі айға қамауға алды.

10 тамызда Шымкенттегі "Гранд Прага" мейрамханасында атыс болып, салдарынан мейрамхана келген тұтынушының бірі қаза тапты, тағы біреуі жараланып, ауруханаға түсті.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы, "Адам өлтіру" және 287-бабы, "Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар