USD
USD
USD

Шымкенттегі әскери полигонда шеруден кейін офицер қайтыс болды

Шымкентте офицер әскери полигонда шеруден кейін қайтыс болды. Оқиға Ақтас полигоны базасындағы №6506 әскери бөлімінде болған, деп хабарлады Orda.kz.

Шымкенттегі әскери полигонда шеруден кейін офицер қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Офицердің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған.

Болжам бойынша 20 шақырым жаяу жүріп өткен екі офицер өздерін нашар сезіне бастаған. Оларды дереу ауруханаға жеткізеді.

“Әскери қызметкердің біреуі есін жимастан қайтыс болды”, – делінген ақпаратта.

Әскерилердің денсаулығының нашарлауының себебі қатты ыстық болуы мүмкін екені айтылады.

Әскери бөлім бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік