USD
USD
USD

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЖЫЛУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Ауа райының суытуына байланысты Шымкент қаласында жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталды. Қала әкімі М.Әйтенов қаламызда 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы өкімге қол қойды.

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЖЫЛУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Өкімге сәйкес, 6 қазаннан бастап қаладағы 468 бюджеттік нысанның жеке қазандықтары мен автономды жылу жүйелері бар 374 нысанға жылу беріле бастады. Жеке қазандықтары бар немесе автономды жылу жүйелерімен қамтылған 792 көпқабатты тұрғын үйлердің де жылу жүйелері бүгіннен бастап іске қосылады. Орталықтандырылған жылу жүйесінің қызметін тұтынатын 145 бюджеттік нысандар мен 1444 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу кезектік ретімен беріле бастайды. 15 қазанға дейінгі мерзімде барлық нысандар 100 пайыз жылумен қамтылады.

Жылу беру ережесіне сәйкес, «Казгидромет» РМК мәлімдемесі негізінде 3 тәулік бойы ауа райының орташа температурасы +8ºС төмен болған жағдайда жылу беріледі.

Былтырғы жылыту маусымы қалада 15 қазанда басталып, 5 сәуірде аяқталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары