USD
USD
USD

Шымкенттегі әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Ауа райының суытуына байланысты Шымкент қаласында жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталды.

Шымкенттегі әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қала әкімі М.Әйтенов қаламызда 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы өкімге қол қойды.

Өкімге сәйкес, 6 қазаннан бастап қаладағы 468 бюджеттік нысанның жеке қазандықтары мен автономды жылу жүйелері бар 374 нысанға жылу беріле бастады. Жеке қазандықтары бар немесе автономды жылу жүйелерімен қамтылған 792 көпқабатты тұрғын үйлердің де жылу жүйелері бүгіннен бастап іске қосылады. Орталықтандырылған жылу жүйесінің қызметін тұтынатын 145 бюджеттік нысандар мен 1444 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу кезектік ретімен беріле бастайды. 15 қазанға дейінгі мерзімде барлық нысандар 100 пайыз жылумен қамтылады.

Жылу беру ережесіне сәйкес, «Казгидромет» РМК мәлімдемесі негізінде 3 тәулік бойы ауа райының орташа температурасы +8ºС төмен болған жағдайда жылу беріледі.

Былтырғы жылыту маусымы қалада 15 қазанда басталып, 5 сәуірде аяқталған болатын.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы