USD
USD
USD

Шымкенттегі 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы саны 71 көше, яғни 49,8 шақырым жол белгіленген.

Шымкенттегі 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Атап айтқанда:

Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым жол, 20 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Қосай баба, Айдапкелов, Ақшағала, Өмірзақ, Шүлменов, Қарабура, Арипов, Қозыбай, Ақжүніс, Балқарағай, Байыспай, Шойман қажы, Мыңбаев, Естай ақын, а/ж №5, а/ж №9, Ардагерлер, а/ж №6, а/ж №7, Мендешов, Молшылық, Байқара, Ізен, Ырыс, а/ж №6, а/ж №2 Құлагер, Ақсұнқар, Ақсауыт, Саяхат, а/ж №10, Мұңайтпасов №1, Мұңайтпасов №2, Аққанат көшелері кіреді.

Аталған жұмыстардың мердігері "Отау Строй" және "Алем Транс Жол " ЖШС, ал техникалық жобалаушы "Pride group" және "Банур-1" ЖШС бекітілген.

Қазіргі уақытта 75%-ға жуық жұмыстар атқарылған.

Абай ауданы бойынша 9,1 шқ жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Баққараев, Арынқожа, Ахметов, Алтынбекұлы, Оралбайұлы, №1 өткел көшелері, Ауезов, Бақбаев, Алпысбаев, Саттарханов, Бейбітшілік, №1, №2, №3, №4, Орталық, Агропром көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС "Шымкент Дор Строй", ал техникалық жобалаушы ЖШС "Жобақұрылыс орталығы" бекітілген. Қазіргі уақытта 80%-ға жуық жұмыстар атқарылған.

Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шқ жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Замана,Ғажайып №1, Ғажайып №2, Шамшырақ,Несібе, Несібе №1, Несібе №2, Жасын, Жаңару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық, Үшқұдық №1, Үшқұдық №2, Керемет, Еламан көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС "Корпорация Береке -А", ал техникалық жобалаушы ЖШС "Мир-Строй и Компания" бекітілген. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданы бойынша жұмыстар толығымен 100% атқарылған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт