Шымкенттегі Мұз сарайына қатысты іс аяқталды
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен қойылған бұл талап қанағаттандырылған.
Алматы, NEGE. Шымкенттің Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша "Спорт сарайы" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесін сату, сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен қойылған бұл талап қанағаттандырылған.
"Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "М." ЖШС арасындағы 2017 жылғы 2 шілдедегі Шымкент қаласының "Спорт сарайы" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 67,09 % мемлекеттік үлесін сату, сатып алу келісім шарты жарамсыз деп танылған. Шешіммен келіспей, жауапкер "О." ЖШС-гі апелляциялық тәртіппен шағым түсіріп, онда шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
"Алқа бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісті. Себебі, даулы мәміле Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының және басқа да заң талаптарына қайшы жасалған. "Спорт сарайы" ("Мұз сарайы") оңтүстік өңірде жалғыз мұз айдыны бар спорт ғимараты болып табылады. Сәйкесінше, қалада осы спорт ғимаратына басқа бәсекелес бола алатын ғимарат жоқ. Ал, мұндай жағдайда, осы спорт ғимараты аукционнан емес, тендер жариялау арқылы сатылуы қажет болған. Алқа, заң талаптарын, осы мән-жайларды және "Спорт сарайы" спорт ғимаратының орны қала және қала тұрғындары үшін айырықша екенін назарға алып, бірінші сатыдағы сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ екені туралы қорытындыға келді", делінген сот хабарламасында.
Апелляциялық алқаның 2024 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.