USD
USD
USD

Шымкентте зорланған әйелдің ісін ПД басшысы өз бақылауына алды

Шымкентте полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов зорланған әйелдің ісін өз бақылауына алып, жәбірленушіні қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкентте зорланған әйелдің ісін ПД басшысы өз бақылауына алды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. 23 мамырға қараған түні Шымкент қаласында ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған. Артынша әйелдің өзі полицияға жүгініп, жәбірленушінің сіңілісі әпкесінің жағдайын айтып, белгілі құқық қорғаушы Дина Тансаридің көмегіне сүйенген. Жәбірленуші бұл жағдайда полиция өзін қорғап қалатынына үміттенетінін айтады.

Жәбірленуші әйелді 25 мамыр күні таңертеңгі сағат 11-де өзім жеке қабылдадым. Сол кезде өзіне де әйелді зорлаған кез келген адам заң алдында тиісті жазасын алатынын айттым. Түптеп келгенде, бұл біздің – ол әйелдің алдындағы, оның отбасы алдындағы, жалпы азаматтар алдындағы борышымыз. Әйелге жасалған зорлық түбі – қатаң жазаға әкеп соғатынын әр адам түсінуі керек. Мысалы, ол біреудің анасы, қызы, апасы, я болмаса құрбысы боп келеді. Әйел зорлаған адам заң алдында тиісті жазасын алады, – деді Шымкент қаласы ПД басшысы Ералы Жұмаханбетов.

Қазір осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу кезінде оның өз үйінде ішімдік ішіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, артынша зорлағаны да белгілі болды. Мамандармен тиісті сараптамалар жасалып жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші