USD
USD
USD

Шымкентте Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді

Шымкентте бүгіннен бастап Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкентте Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бұл туралы Шымкент қаласы Дін істері басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалаға қарасты мешіттерде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, бес уақыт және жұма намазын жамағатпен оқуға рұқсат етілді. Еліміздегі карантин талаптарына сәйкес, мешітке келушілер намаздан соң қол беріп амандасуға болмайды. Оның орнына қолыңызды жүрек тұсына қойып, ишара жасасаңыз жеткілікті.

Сонымен қатар, дене қызуы 37-ден жоғары, тұмау және басқа да ауру белгілері бар азаматтар мешітке келмегені абзал. Айта кетейік, мешітке келушілер үшін жұма намазы алдында уағыз-насихат айтылмайды. Тек жұма құтбасы мен парызы өте қысқа сүрелер мен аяттар оқу арқылы жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек