USD
USD
USD

Шымкентте жол-көлік оқиғасының орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Шымкентте жол-көлік оқиғасының орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жол-көлік оқиғасының орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 маусым сағат 13:30 шамасында Тұран АПБ-ның “102” арнасына жергілікті тұрғындардан қоңырау түсті. Олар белгісіз автокөлік тізгіндеушісі көшедегі газ жәшігін соғып, жауапкершіліктен жалтару мақсатында, оқиға орнынан кетіп қалғанын жеткізді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау испекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі ГАЗ-3302 автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Ер адам бүгін қала аумағында патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталды.

Аталған жайтқа қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Көлік айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жіберіледі.

Автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.