USD
USD
USD

Шымкентте жол апатына кінәлі ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Өткен жылдың көктемінде Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі есірткіге масаң күйде Алматы-Ташкент-Термез тас жолының бойымен белгіленген жылдамдықтан асырып тыйым салынған бағдаршамға мән бермей, көлік басқарған.

Шымкентте жол апатына кінәлі ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін барып, Hyundai Starex көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Альфард қарсы жолаққа шығып кетіп, Daewoo Gentra көлігін соққан.

Салдарынан Hyundai Starex көлігінің 57 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушылары 65 жастағы зейнеткер және 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. 

Аталған факт ҚР ҚК 345-1-бабы 4-бөлігімен СДТБТ-не тіркелді.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Сот үкімімен қылмыскер 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ретінде бұрынғы күйеуі ұсталды

Пышақ жарақаты

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы