USD
USD
USD

Шымкентте жылына жоғары кернеулі 120 трансформатор шығарылады

Шымкент қаласында орналасқан трансформатор зауыты – Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың бірі.

Шымкентте жылына жоғары кернеулі 120 трансформатор шығарылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Зауыт Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылған. Бұл күнде электротехникалық компанияның құрамында электроэнергетика, электромашина құрылысы және құрылыс саласын жүргізетін 30-дан аса кәсіпорындар мен зауыттары бар.

Кәсіпорын кернеуі 110 кВ-дан 500 кВ-ға дейінгі автотрансформаторлар және күшті май трансформаторлар, сонымен қатар реакторлар өнімін шығарады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 12 мың МВА-дан жоғары және 120 трансформатор шығаруға қауқарлы.

Сондай-ақ, кәсіпорын отандық құрылыс материалдарын пайдаланады, тек зауыт ішіндегі арнайы қондырғылар ғана Украина және т.б. елдерден келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын өндірілген өнімдерін ішкі нарыққа ғана емес, Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстанға, Қырғызстанға, Иранға, Ауғанстанға экспортталады.

Айта кетейік кәсіпорын 500-ден астам қала тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға