USD
USD
USD

Шымкентте жазғы мектептің салтанатты жабылуы өтті

Бүгін Шымкентте жазғы мектептер өз жұмыстарын ZOOM платформасында онлайн форматта қорытындылады. «Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп» атты онкүндік іс-шаралар шеруінің жабылу салтанаты қалдағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында өтті.

Шымкентте жазғы мектептің салтанатты жабылуы өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Іс-шара «Менің атым Қожа» фильмінің желісімен ұйымдастырылды. Оқушылар білім ұйымындағы спорттық үйірмелерді, STEAM кабинетті. робототехниканы, көркем еңбек галереясын, оқу кабинеттеріндегі жазғы мектеп сабақтарын көріп, сахналық көріністерді тамашалады.

Айта кетейік, 26 мамырдан бастап 19 маусым аралығында ұйымдастырылған жазғы мектептерде қаладағы 184 білім ордасында 121 мыңнан астам оқушы оқытылды. Онда бастауыш сыныптар және 6, 7, 8 бен 9, 10 сынып оқушылары білім алды. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.