USD
USD
USD

Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған шұңқырдағы суға батып кетті

Қаладағы қараусыз қалған карьер шұңқырындағы суға батқан жасөспірім көз жұмды. Оның мәйітін жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері шығарып алған

Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған шұңқырдағы суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды 24.kz.

Астана, NEGE. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше, 2 мамыр күні сағат 14:45 шамасында болған.

«Қайтпас-1» шағынауданында 15 жастағы бала суға шомылуға жабдықталмаған шұңқырға түскен. Атап айтқанда, қараусыз қалған карьерлік қазаншұңқырда жерасты сулары көтерілген тұстары пайда болған.

Артынша бала белгісіз жағдайда суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД 5 қызметкері, жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушы-сүңгуірлері, 1 техника, 1 жүзу құралы тартылған.

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері оқиға орнына келіп, су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күндізгі сағат 16:20 кезінде суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты. Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның себебі нақтылануда. Қаратау ауданының полициясы сот-медициналық сараптама тағайындап, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр» – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер