USD
USD
USD

Шымкентте «Жасыл кеңсе» байқауына қатысуға арналған тренинг өтті

Шымкент қаласында «Жасыл кеңсе» республикалық конкурсына қатысу және «Жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу бойынша тренинг өтті.

Шымкентте «Жасыл кеңсе» байқауына қатысуға арналған тренинг өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Тренингте екі жылда өткен байқаудың қорытындылары, сондай-ақ «Жасыл кеңсені» іске асыру принциптері және үшінші Республикалық байқауға қатысу шарттары ұсынылды. Сонымен қатар, қоқысты қайта өңдеу бойынша ақпарат берілді. «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің қолдауымен 15 сәуір мен 31 тамыз аралығында 10 номинация бойынша Республикалық конкурс өткізуде. Оған мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқалардың өкілдері он номинация бойынша қатыса алады.

Конкурсқа қатысу шарттары www.greenoffice-kaz.org сайтында және https://www.facebook.com/greenofficekz/ фейсбук желілерінде көрсетілген.

«Жасыл кеңсе», әдетте, барлық ресурстар үнемделген және қоршаған ортаны қорғауға арналған кеңсе деп аталады. Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған. Байқаудың нәтижелері 2021 жылдың қазан айында жарияланып, қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.