USD
USD
USD

Шымкентте жасанды желдету аппараты шығарыла бастады

Шымкентте жасалған жасанды желдету аппаратының алғашқы легі таратылды.

Шымкентте жасанды желдету аппараты шығарыла бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Шымкентте өкпені жасанды желдету аппаратының сериалық өндірісі іске қосылды. 88 қондырғы дайын болды. Алғашқы легі қаладағы медициналық мекемелерге таратылды. Науқастар үшін бұл аппараттың маңызы өте зор. Сондықтан жыл соңына дейін инновациялық өндірістің көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Қазір шаһарда коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық қызу. Бұл Шымкент қаласында шығарылған өкпені жасанды желдету аппаратының алғашқы легі. Қазақстандық, жапондық және американдық мамандардың бірлескен жұмысы.

«Қиын сәттер артта қалды. Енді тек өніріс көлемін ұлғайтуды ғана жоспарлап отырмыз дейді мамандар. «Kazmedpribor Holding» компаниясының директоры Қаныбек Қанатбекұлы: "Бұл құрылғы науқастарды үздіксіз оттегімен қамтамасыз ете алатын турбина технологиясына негізделген. Сіз оттегіні орталық газбен жабдықтаудан бөлек, оттегі баллонын да пайдалана аласыз. Біз биылғы жылдың соңына дейін осындай 500-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратын шығара аламыз" деді.

Мұнда басымдық ішкі нарыққа беріледі. Құрылғыға қажетті бөлшектердің шамамен 60% -ы жергілікті жерде өніріледі. Қалғаны сырттан әкелінеді. Бүгін Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов отандық өнірушілердің жоспарымен танысты. Қазір қала коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындалуда. Денсаулық сақтау саласын қолдау мақсатында жергілікті қазынадан 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оған медициналық жабдықтар сатып алынып, оттегі көздерінің саны көбейтілуде. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметінің жұмысы жүйелендірілген. "Бұл мекеме тек ИВЛ шығармайды. 300-дей медициналық құрал-жабдықтар шығарады. Тағы да 200-дей керекті құрал-жабдыққа тапсырыс бердік. Біз сапалы медициналық қызмет көрсету үшін осындай үлкен жұмыстарды атқарып жатырмыз", - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Қазір Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Мыңнан астам төсек-орын жасақталған. Егер қажеттілік туындап жатса бұның санын күніне бес есеге ейін арттыруға болады.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

forte