Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте жаппай төбелеске қатысқан оқушылардың ата-анасы жазаланады

 Төбелеске қатысушылардың бәрі – бір мектептің оқушылары болған. 

Шымкентте жаппай төбелеске қатысқан оқушылардың ата-анасы жазаланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде оқушылар арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Онда екі жігіттің бірін бірі аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, бейғам отырған бозбаланы екінші жігіт бетінен теуіп құлатады. Ал, қасындағы балалар араша түсудің орнына видеоға түсіріп, қызық көрген. Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл оқиға 27 мамыр күні қаладағы көпқабатты үйлердің ауласында болғанын анықтады. «Төбелеске қатысушылардың бәрі – көрші сыныптарда оқитын бір мектептің оқушылары. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасына әкімшілік шара қабылданады», – дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Қазір оқып жатыр

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.