USD
USD
USD

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Шымкентте үш адам жантүршігерлік жол апатынан оқиға орнында қаза болды.Тағы жетеуі ауыр жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Жол апатына бірден үш көлік – Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentrа түсті.

Соққының қатты болғаны соншалық бірнеше адам көлік салондарынан жолға ұшып кетті. Олар қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кеткен болуы мүмкін.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем үш адамның өлімін тіркеді. Зардап шеккен қалған адамдар ауруханаға жатқызылды. Олардың бәрі ауыр жарақат алған: аяқ-қолы сынған, миы шайқалған және тағы басқа.

Жол апатынан кейін автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Апат орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірді. Қазіргі таңда полицейлер жол апатын тергеп жатыр. Кінәлі адам анықталып, сотқа тапсырылады. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері