USD
USD
USD

Шымкентте жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Шымкентте жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абай аудандық полиция басқармасына түнгі сағат 03:30 шамасында жанармай құюшы қоңырау шалып, қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен прокурорлар барды.

Белгілі болғандай, қара киінген, бетперде таққан ер адам жанармай құюшыны пышақпен қорқытып, ақша талап еткені анықталды. Алайда кассада қолма-қол ақша болмағандықтан, ол ештеңе ала алмай, қашып кеткен.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Полиция басқармасының жеке құрамы күдіктіні ұстауға және қылмысты ашуға бағытталды. Департаменттің криминалдық полициясының жедел қызметкерлері де іздеуге қосылды. Екі аптаға жуық уақыт бойы полицейлер шабуылдаушының жеке басын анықтау және оны ұстау үшін жұмыс істеді.

Нәтижесінде күдікті қала аумағында құрықталды. Оның бұған дейін сотталғаны анықталды. Ер адам террористік немесе экстремистік әрекетті ұйымдастыруға қатысқаны үшін 8 жыл жазасын өтеген. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оған қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Полиция күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов