USD
USD
USD

Шымкентте жаңа 12 бағдаршам орнатылады

Қалада тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаруалар қолға алынған.

Шымкентте жаңа 12 бағдаршам орнатылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Биыл осы мақсатта қалада жалпы 12 бағдаршам орнату мен 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелін салу жоспарланған.

Бүгінде аталған бағдаршамның төртеуі орнатылды. Қалған 8 бағдаршам жыл соңына дейін орнатылатын болады. Бұдан бөлек, 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелінің үшеуі орнатылды, ал жыл соңына дейін 9 белсенді жаяу жолаушылар өткелі салынады.

Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 15 бағдаршам орнатылған болатын. Осы аталған жұмыстар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек